Бүгін Анкарада ТМҰ мүше елдердің кезектен тыс саммиті өтеді
16 наурызда, Түркия астанасы Анкара қаласында өтетін ТМҰ кезектен тыс саммитіне ТМҰ-ға мүше елдердін басшылары; Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Тоқаев, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті Шевкет Мирзиеев және бақылаушы елдердің өкілдері; СКТР президенті Эрсин Татар, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан және Түркіменстан Ұлттық кеңесінің халық істері басқармасының басшысы Гурбангулу Бердімұхамедов қатысады.
Алқалы жиында соңғы кезде өзекті болған мәселелер талқыланбақ. Нақтырақ айтқанда, апат пен төтенше жағдайлар кезінде бір-біріне гуманитарлық көмек көрсету жайы. Яғни төнген қауіппен бірігіп күресу үшін керек іс-қимылдар талқыланбақ.
Еске салайық, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барған еді.