Жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (АТР рейтингінде 27-орын) Австралияның ашық біріншілігінде алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды TuraNews.kz BasSport.kz сайтына сілтеме жасап.
1/64 финалда Бублик үндістандық Сумит Нагалмен (137-орын) кездесті. Матч алдында Бублик фаворит саналған. Алайда қарсылас басымдықты қолына алып, үш сетті де өз пайдасына шешті – 6:4, 6:2, 7:6 (5).
Матч 2 сағат 40 минутқа созылды. Осылайша, еліміздің бірінші ракеткасы турнирді бастапқы кезеңде-ақ аяқтады.
Ал Нагал келісі айналымда Маккензи Макдональд (42-орын) — Цзюньчэн Шан (140-орын) кездесуінің жеңімпазымен жолығады.