Мәдениет

Қазақстандық балалардын үлкен жетістігі!

Биыл қазақстандық дарынды балалар халықаралық олимпиадалардан 27 медель жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram каналында жазды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Биыл қазақстандық дарынды балалар халықаралық олимпиадалардан 27 медель жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Telegram каналында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауының арқасында 27 жеңімпазға 4,7 млн теңгеге дейінгі сертификаттар табыстадық.

Бұл Президенттің дарынды балаларды ынталандыру жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырмасынан кейін мүмкін болды. Сондай-ақ оқушылар ҰБТ тапсырмай-ақ қазақстандық ЖОО-да оқуға гранттар алды»,-деп  жазды министр.

Сондай-ақ ол бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табатынын жеткізді. Биыл тізімге 7 халықаралық олимпиада кірсе, келесі жылы ол тағы 7 беделді халықаралық олимпиадамен толығады.

«Біз еліміздегі барлық деңгейдегі олимпиаданы өткізудің ашықтығына ерекше назар аударуды жалғастыра береміз. Сондай-ақ жүлделі орын алған оқушыларды дайындаған ұстаздар да біржолғы ақшалай төлем алады. Дарынды балалардың ата-аналарына да алғыс хаттар табыстадым.

Ел Президентінің және мемлекеттің тікелей қолдауы басқа да оқушыларымыздың олимпиадаға қызығушылығын арттыратынына сенімім мол»,-деді Асхат Аймағамбетов.

Source
Inform.kz

TuraNews

Back to top button