Көлік министрлігінің хабарлауынша, шараға Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Ақылбек Жапаров, Қытай Халық Республикасының Даму және реформа мемлекеттік комитеті департаменті төрағасының орынбасары Чжан Цзяньхуа, «China Railway International» бас директоры Чжоу Синь, Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Илхом Мақкамов, «Өзбекстан темір жолдары» АҚ басқарма төрағасы Зуфар Нарзуллаев қатысты.
Іс-шара аясында Көлік министрі И.Мақкамов Қытай Халық Республикасының Даму және реформа мемлекеттік комитеті департаменті төрағасының орынбасары Чжан Цзяньхуа және Қырғызстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрі Абсатар Сырғабаевпен үшжақты келіссөздер жүргізді.
Келіссөздер барысында Бірлескен кәсіпорын мен Қырғызстан Үкіметі арасында тараптардың құрылтай шарты, Бірлескен кәсіпорын жарғысы және концессиялық келісім бойынша мәселелер талқыланды.