Бұл туралы Қырғызстан Мәдениет министрлігі жанындағы Кинематография департаменті хабарлады, деп жазады Синхуа агенттігі.
Кинофестивальдің салтанатты ашылуы «Манас» кинотеатрында өтті, онда 26 сәуірге дейін фестивальге қатысу үшін іріктеліп алынған қысқаметражды фильмдердің көрсетілімі болады.
Кинофестивальге шетелдік және отандық кинематографистерден 800-ден астам өтінім түскен.
«Фестиваль аз жылдардың ішінде кинематографистердің басын қосып, жұмыстарын көрсететін, идеялары мен тәжірибесімен бөлісетін, жаңа жобаларға серіктестер табатын алаңға айналды. Көрші елдердің киносүйер қауымы, өз кезегінде, қоғамды адамгершілік, эстетикалық бастаулар мен рухани мұраттарға бағыттау үшін қысқаметражды фильмдер жасаудың шекарасын кеңейтуге ұмтылады», — делінген хабарламада.
ТМД, Балтық және Грузия елдерінің қысқаметражды фильмдерінің халықаралық кинофестивалі 2010 жылы құрылған.