Бұл туралы Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабар таратты.
Ведомствоның мәліметінше, криптовалюта айырбастаушылар тобы ұсталып, олардан банк карталары, ұялы телефондар мен SIM карталары, аса ірі мөлшердегі мефедрон есірткісі тәркіленді.
Есірткі тасымалымен айналысып, крипто алмастырғыштар арқылы делдалдық қызмет көрсеткен Қырғызстанның бес азаматы ұсталды. Олар Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Елде азаматтарға есірткі заттарын тарататын тұлғалардың, сондай-ақ осыған ықпал ететін басқа да тұлғалардың қызметін анықтау және жолын кесуге бағытталған жедел іс-шаралар жалғасып жатыр.