2025 жылдың қорытындысы бойынша, «Qazaq Air» АҚ (қазіргі «Vietjet Qazaqstan») әуе компаниясы 3 815 жолаушының жеке деректеріне түзету енгізген. Бұл деректердің басым бөлігі аты-жөніндегі екі әріпке дейінгі техникалық қателер болып шықты.
Астана қаласының авиациялық көлік прокуратурасы әуе компаниясының басшылығымен арнайы кездесу өткізіп, жолаушылар құқығын қорғау мәселесін талқылады. Осы келіссөздердің нәтижесінде, 2026 жылдың басынан бастап аты-жөніндегі екі әріпке дейінгі қателерді тегін түзетудің жаңа тәртібі ресми түрде күшіне енді.
Бұл бастама әуе жолаушыларының құқықтарын қорғаумен қатар, көрсетілетін қызмет сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді көздейді.



