Спорт

Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы жарысты жеңіспен бастады

Қазақстанның екінші, әлемнің 195-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Шампейн (АҚШ) челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп жазады TuraNews.kz BasSport.kz порталына сілтеме жасап.

Жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы матчын дүниежүзілік рейтингте 303-орында тұрған италиялық Энрико Далла Валлемен өткізді.

Жұқаев италиялық спортшыны 6:1, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсеке барысында Бейбіт 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін рейтингте 298-сатыдағы хорватиялық Нино Сердарушичпен таласады.

Қазақстандық теннисші бұдан бұрын өзі чемпион атанған Шарлотсвилл (АҚШ) додасында осы теннисшіні ұтқан болатын.

TuraNews

Back to top button