
2024 жылғы 23-24 қаңтарда Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировтың Астанаға сапары өтеді, деп хабарлайды TuraNews.kz СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сапар аясында башқұрт делегациясы «Қазақстан-Башқұртстан» бизнес-форумына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Башқұртстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс тобының отырысына қатысады», — денілген хабарламада.