Бас санитария дәрігер — Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова балалар арасында тұмаудың өршуіне байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдады, — деп хабарлайды Turanews.kz.
Вице-министрдің айтуынша, 1 қазаннан бері Қазақстанда 2,2 миллион жіті респираторлық вирустық инфекциялар және 2 284 тұмау жағдайы тіркелген, аурудың 65 пайызы 14 жасқа дейінгі балаларда кездескен.
«Ата-аналарға өтініш айтқым келеді. Бүгінгі күні барлық әлеуметтік желілерде балалардың дене қызуы көтеріліп, оны түсіру қиынға соғатыны туралы ақпарат толып жатыр. Өтініш, қазіргі жағдайды ескеріп, балалардың денсаулығына абай болыңыздар. ЖРВИ және тұмау балаларда асқынып тұр. Жаңа жыл мерекесі кезінде және қаңтарда аурушаңдықтың жоғарылауына байланысты балаларды мектеп пен балабақшаға, сауда орталықтарына және басқа да адам көп жиналатын орындарға апармаңыздар», — деді Айжан Есмағамбетова.