«Азия дауысы» халықаралық фестиваліне шетелдегі қандастарымыз да қатысады, деп хабарлайды Turanews.kz Отандастар қорына сілтеме жасап.
Осыдан 33 жыл бұрын «Медеу» мұз айдынында тұсауын кескен «Азия дауысы» халықаралық фестивалі аз уақытта талай дарынды елге танытқаны белгілі.
Араға 18 жыл салып аталмыш жоба үлкен сахнаға қайта оралды.
Биылдан бастап, Отандастар қорының бастамасымен «Азия дауысы» сахнасында шет елдерде тұратын қандастарымыз да өнер көрсететін болады.
Бұл жағдай Отандастар қоры мен «Азия дауысы» халықаралық фестивалі қол қойған меморандумда келісілді.
Ынтымақтастықтың мақсаты – шетелдерде тұратын талантты отандастардың өнеріне ерекше мән беріп, қолдау көрсету.