Спорт

Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияға жеңілді

Бүгін Нахонратчасимде (Тайланд) өтіп жатқан әйелдер командалары арасындағы волейболдан Азия чемпионатының іріктеу кезеңінің 4-күні аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Топтық кезеңдегі кезекті матчта қазақстандық волейболшылар Жапониядан келген қарсыластарымен кездесті. Ойын біздің спортшыларымыздың жеңілісімен аяқталды. Жапониялықтар 3:0 (25-13; 25-20; 25-18) есебімен басым түсті.

Бұл Қазақстан құрамасы үшін екінші жеңіліс болды. Бұған дейін қыздарымыз Қытай командасына төтеп бере алмады.

Дегенмен Қазақстан құрамасында екі жеңіс бар екенін де айта кетейік. Олар бұған дейін Филиппин мен Гонконгтан басым түскен болатын.

Қазақстан үшін келесі ойын Үндістан командасына қарсы 4 қыркүйекте өтеді.

TuraNews

Back to top button