БастыСпорт

Азия чемпионаты: Бүгін әйелдер күресінен спортшыларымыз бақ сынайды

Бүгін, 11 сәуірде Астана қаласында әйелдер күресінен ересектер арасында Азия чемпионатының алғашқы ойындары өткізіледі, деп хабарлайды Turanews.kz.

Астанадағы «Жақсылық Үшкемпіров» атындағы Жекпе-жек сарайында күрес түрлерінен Азия біріншілігі болып жатыр.

9-10 сәуір күндері еркін күрес шеберлері жүлделерді сарапқа салды.

Енді 11-12 сәуірде әйелдер күресінен сайыстар болады.

Еліміздің әйелдер құрамасы:

50 келі — Эллада Махяддинова (Ақмола облысы)

53 келі — Алтын Шағаева (Алматы облысы)

55 келі — Марина Седнева (Алматы облысы)

57 келі — Нилуфар Раимова (Түркістан облысы)

59 келі — Диана Каюмова (Астана қаласы)

62 келі — Ирина Кузнецова (Ақмола облысы)

65 келі — Альбина Қайыргелдинова (Ақмола облысы)

68 келі — Елена Шалыгина (Шымкент қаласы)

72 келі — Жәмила Бақбергенова (Астана қаласы)

76 келі — Эльмира Сыздықова (Қарағанды облысы).

11 сәуірде 50, 55, 59, 68, 76 келідегі балуандар күреседі.

Сондай-ақ, 12 сәуірде 53, 57, 62, 65, 72 келі салмақта балуандар бақ сынайды.

Күндізгі сессия сағат 11:30-де (алдын ала, жартылай финал және жұбаныш белдесулері) басталса, кешкі сессия 18:00-де (1-ші және 3-ші орын үшін) өткізіледі.

Азия чемпионатын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

TuraNews

Back to top button