Әзербайжанда кезектен тыс президенттік сайлауға байланысты кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат кезеңі басталды, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Оның мерзімі 6 ақпан күні сағат 08:00-де аяқталады.
Елде президенттікке кандидаттарды тіркеу процесі 9 қаңтарда аяқталды.
ОСК кезектен тыс президенттік сайлауда 7 кандидатты тіркеді:
- Биліктегі «Ени Әзербайжан» партиясынан президенттікке кандидат және қазіргі мемлекет басшысы Ильхам Әлиев;
- Өзін-өзі ұсынған кандидат Захид Орудж;
- «Ұлттық майдан» партиясынан президенттікке кандидат Рази Нуруллаев;
- «Ұлы жасампаздық» партиясынан президенттікке кандидат Фазиль Мұстафа;
- «Ұлы Әзербайжан» партиясынан президенттікке кандидат Эльшад Мусаев;
- «Біртұтас Әзербайжан халықтық майданы» партиясынан президенттікке кандидат Гудрат Хасангулиев;
- Өзін-өзі ұсынған кандидат Фуад Әлиев.
Бұған дейін ОСК алдағы президенттік сайлауға 17 адамның кандидатурасын ұсынуды мақұлдады, алайда олардың 10-ы тіркеу үшін қажетті құжаттарды уақытында ұсынбаған.
Әзербайжан президентінің кезектен тыс сайлауы 7 ақпанда өтеді.