ӘлемДенсаулық

Әзербайжанда карантиндік режим ұзартылды

Әзербайжан Республикасының Премьер-Министрі Әли Асадов тиісті қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, ел аумағындағы ерекше карантиндік режимнің мерзімі 2026 жылғы 1 қаңтар, сағат 06:00-ге дейін ұзартылды, деп жазады Kazinform.

Атап өтілгендей, бұл шешім «ел аумағында коронавирус (COVID-19) инфекциясының таралуының және оның туындатуы мүмкін салдарының алдын алу мақсатында» қабылданған.

TuraNews

Back to top button