Әлемде жасөспірімдер рейтингісінде 27-орында тұрған Қарағанды теннис мектебінің түлегі қазақстандықтардан алғашқы болып осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр.
Амир Омарханов үшінші айналымда әлемдік рейтингіде өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстіккореялық Чанджун Кимді қапы қалдырды.
Бірінші сетте қазақстандық спортшы 6:3 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде Ким есе қайырды.
Есесіне шешуші, үшінші сетте Омарханов 19 минутта қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0.
Тартысты бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды.
Амир Омарханов жартылай финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 25-ракеткасы, нидерландық Мес Ротгерингпен кездеседі.