Ауғанстан Ресей аймақтарына еңбек мигранттарын жібермек
Ауғанстан Шешенстан мен Татарстанға еңбек мигранттарын жіберуді жоспарлап отыр.
Бұл туралы ауғандық БАҚ өкілдеріне Ауғанстан Ислам Әмірлігінің Еңбек және әлеуметтік қатынастар министрінің м.а. Абдул Умари Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысу қорытындыларына арналған брифинг барысында мәлімдеді.
Ауғанстанның «Бахтар» мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Абдул Умари өзінің сапарын сәтті және жетістіктерге толы деп атап, форум аясында ауғандық жұмысшыларды жұмысқа орналастыру жөнінде әртүрлі елдердің ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізгенін хабарлады.
«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы Ресейдің Еңбек министрімен әңгімелесіп, ауыл шаруашылығы секторында, атап айтқанда Шешенстан мен Татарстанда ауған жұмысшыларының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мәселелерін жан-жақты талқылады», — деп хабарлайды агенттік сайты.
Дәл осы мәселе Дағыстан және басқа да бірқатар елдер – Түрікменстан мен Оман өкілдерімен де талқыланды. Ауған азаматтарының жұмысқа орналасу мүмкіндігін қамтамасыз ету туралы келісімге қол жеткізілді.