Экономика

Әуе компаниялары Boeing ұшақтарындағы отын тетіктерін тексере бастады

Әлемнің түрлі елдеріндегі әуе компаниялары Air India әуеапатынан кейін Boeing ұшақтарындағы отын беруді ауыстыратын тетіктерді тексере бастады.

Reuters агенттінің мәліметінше, тексерулер австралиялық Qantas Airways, жапондық All Nippon Airways (ANA) және Japan Airlines (JAL), кореялық Korean Air және сингапурлық Singapore Airlines компанияларының ұшақтарында жүргізіледі.

2018 жылы АҚШ-тың Азаматтық авиация федералды басқармасы (FAA) отын беру тетігінің техникалық стандарттарға сәйкестігін тексеру бойынша нұсқаулық шығарған болатын.

Бұған дейін Үндістанның Азаматтық авиация бас басқармасы Boeing ұшақтарындағы отын ауыстырып-қосу тетіктерінің бұғатталу механизмін тексеруді бастағанын мәлімдеді.

Reuters дерегінше, Air India компаниясы Boeing 787 ұшақтарының жартысын және Boeing 737 ұшақтарының басым бөлігін тексеріп шыққан. Қазіргі уақытта ешқандай ақау анықталмаған.

 

 

 

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button