
Бүгін Астана қаласында ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің Telegram каналына сілтеме жасап.
Отырысқа Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Әзербайжан Үкіметінің басшысы Али Асадов, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Тәжікстан Үкіметі басшысы Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Армения Премьер-Министрінің орынбасары Мгер Григорян және Түрікменстан Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов қатысады.