Мәдениет

Астанада Қазақстан–Түркия бірлескен халықаралық оқыту жобасы сәтті аяқталды

2026 жылғы 25 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық аясында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен TİKA Халықаралық түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің бірлескен халықаралық оқыту жобасы өз мәресіне жетті.

Жобаның негізгі мақсаты – шетелдік озық педагогикалық тәжірибелерді елордалық мектептердің білім беру үдерісіне енгізу арқылы «Келешек мектеп» бағдарламасы аясында Астана қаласының білім беру жүйесінің инновациялық әлеуетін дамыту.

Оқыту барысында педагогтер заманауи білім беру технологиялары, тиімді оқыту әдістері, цифрлық шешімдер мен халықаралық тәжірибеге негізделген инновациялық тәсілдер бойынша білімдерін жетілдіріп, тәжірибе алмасты. Бағдарлама қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және халықаралық серіктестікті нығайтуға бағытталды.

Жобаның қорытынды рәсімінде қатысушыларға оқу бағдарламасын сәтті аяқтағаны үшін арнайы сертификаттар табысталды. Сертификаттарды табыстау рәсімі педагогтердің кәсіби дамуға деген ұмтылысын айқындап, халықаралық ынтымақтастықтың нәтижелі жүзеге асып жатқанын көрсетті.

 

 

Source
astana-modern.edu.kz

TuraNews

Back to top button