БастыСаясат

Астанада Путин мен Әлиев кездесті

Келіссөздердің негізгі тақырыбы "Солтүстік — Оңтүстік" көлік дәлізі жобасын дамыту болды.

Саммит қарсаңында Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин кездесті.

Қос мемлекеттің басшылары өзара сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстардың аяқ алысы жайында пікір алмасты. Атап айтсақ, инфрақұрылым («Солтүстік – Оңтүстік» тасжолы) энергетика, өнеркәсіп саласындағы қарым-қатынастың басым бағыттары талқыланды.

Әзербайжандағы Ресей мәдени күндерінің алғашқы қорытындысы да келіссөзге тиек болды. В. Путин Әзербайжан басшысына елде орыс тілді білім ошақтарының тұрақты жұмыс істеп тұрғаны үшін алғыс білдірді. Ал И. Әлиев арадағы тауар айналымы кейінгі екі жылда екі өскенін, өзара саудаға ұлттық валюталар қолданылып жатқанын жағымды үрдіс ретінде атап өтті.

 

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button