Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында оңалту орталықтарының желісін кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Turanews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Ерекше қажеттіліктері бар балаларды медициналық және білікті көмекпен барынша қамту үшін оңалту орталықтарының желісін кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Биыл бірқатар мектептер мен балабақшаларда инклюзияны қолдау кабинетін ашуды жоспарлап отырмыз. Сол сияқты жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатында әлеуметтік нысандарды, оның ішінде оңалту орталықтарын ашуды қарастырамыз.» — деп жазды әкім.
Қазір мұғалімдерді қабылдау жұмысы жүріп жатыр, көп ұзамай балалар осы орталыққа баратын болады. Жаңа орталық жылына 900-ге жуық баланы қамти алады.