22-26 сәуір аралығында Астана қаласындағы Президенттік орталықта «Astana Eurasian Book Fair-2026» IX халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Орталық Азиядағы ең ірі мәдени шаралардың бірі саналатын жиынға әлемнің 14 елінен 80-ге жуық баспа қатысады. Келушілер үшін кітап презентациялары, жазушылармен кездесулер және балаларға арналған шеберлік сабақтары тегін өткізіледі.
Биылғы көрмеге Испания, Қытай, Түркия, Ұлыбритания және Иран сияқты елдерден баспагерлер келмек.
Шара аясында әйгілі Анджей Сапковскийдің «Ведьмак» сериясы, Ерлан Қожабаевтың «Қазақ ою-өрнектері», сондай-ақ Димаш Құдайберген мен Елдос Сметовке арналған жаңа туындылар таныстырылады.
Айта кетейік, 23 сәуір – Ұлттық кітап күнінде «Ұлттық кітап» байқауының жеңімпаздары марапатталады.



