БастыСаясат

«Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталды

Түркияда "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылдың күзінде Қазақстан Бас прокуратурасы Түркиядан «Астана LRT» компаниясының экс-директоры Талғат Арданды қайтаруды сұрады. Ол халықаралық іздеуде жүрген болатын.

«Осыған байланысты Түркия Республикасының құзырлы органдары тиісті іздестіру шараларын жүргізген. Биыл ҰҚК оның нақты болған жерін анықтады, содан кейін Түркияның құқық қорғау органдары оны Анталья қаласында ұстады. Биыл 9 мамырда Анталья қаласының соты Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады және ол қазір қамауда», – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының құзыретті органдары аталған тұлғаны Қазақстанға қайтару бойынша қажетті құқықтық рәсімдерді бастап кетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының соты Талғат Арданды Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі және 361-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай тоғыз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын.

 

 

TuraNews

Back to top button