БастыМәдениет

Ашхабадта II ТҮРКСОЙ театр фестивалі өз мәресіне жетті

18-20 қазанда Ашхабад қаласында ТҮРКСОЙ II театр фестивалі өтті.

Ұлы Сапамұрат Түркіменбашы атындағы Түрікменстанның Бас академиялық драма театрында өткен ТҮРКСОЙ II театр фестивалінің жабылу салтанаты Түрікменстанның Мәдениет министрі Атагелді Шамурадовтың алғы сөзімен басталды. Шара фестиваль қатысушыларын марапаттау рәсімімен жалғасты.

Жиынға қатысқан Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Түрікменстан театрлары ТҮРКСОЙ ұйымының арнайы сыйлықтарымен, дипломдарымен және сертификаттармен марапатталды. Түркия Сивас мемлекеттік театры – «Театр өнеріндегі фольклорлық дәстүрлерді сақтау», Өзбекстан Хорезм облыстық музыкалық-драма театры – «Театр өнеріндегі дәстүрлерді сақтау», Қазақстан Маңғыстау облысы Н. Жантөрин атындағы музыкалық-драма театры – «Театр өнеріндегі жаңа ізденістер», Қырғызстан Ыстықкөл драма театры және Түрікменстан Махтумкули атындағы мемлекеттік музыкалық-драма театры – «Үздік спектакль» атты ТҮРКСОЙ ұйымының арнайы номинацияларымен марапатталды. Марапаттарды Түрікменстанның Мәдениет министрі Атагелді Шамурадов, ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев және Түрікменстанның театр өнері саласындағы белгілі мемлекет қайраткерлері табыс етті.

Ашхабадтағы үш түрлі театрда үш күнге созылған ТҮРКСОЙ театр фестивалінде өнер сүйер қауымның назарына сегіз спектакль ұсынылып, оның бесеуі байқауға қатысуға мүмкіндік алды. Қатысу сертификаттары мен ТҮРКСОЙ ескерткіш тақтайшалары Ұлы Сапамұрат Түркіменбашы атындағы Бас академиялық драма театрына, Альп Арслан атындағы Ұлттық драма театрына және С.Сейди атындағы Лебап Вилайети мемлекеттік музыка-драма театрына берілді.

Салтанатты шараға Қазақстанның Мемлекеттік әртісі, Астана Жастар театрының көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевтың қолынан ТҮРКСОЙ-дың түркі әлемінің театр өнеріне қосқан үлесі үшін арнайы сыйлығын алды.

 

Source
TURKSOY

TuraNews

Back to top button