Аружан Сағындықова 2022 жылғы Уимблдон чемпионынан жеңіліп қалды

Қазақстандық Аружан Сағындықова алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының жасөспірімдер турниріне өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Халықаралық теннис федерациясының (ITF) жасөспірімдер рейтингісінде 58-орында тұрған Аружан Сағындықова іріктеу сайыстарының финалында америкалық Джульетта Парехамен (2062-ракетка) кездесті.
Аружан қарсыласын 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Тағы бір қазақстандық Сандуғаш Кенжебаева (65-ракетка) шешуші бәсекеде Польша өкілі Вероника Эвальдқа (77-ракетка) супер тай-брейкте ғана есе жіберді — 6:4, 0:6, 7:10. Сөйтіп ол негізгі додаға өте алмады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Анна Данилинаның үшінші айналымға шыққанын, Алматы турнирінің финалына шыққан теннисшілер анықталғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ теннисші Жібек Құламбаева Алматы турнирінің жеңімпазы атанды.