ӘлемБасты

Армения мен Әзірбайжан шекарасында оқ атылды

Сейсенбі, 27 шілдеде сағат 16: 00-де Армения қарулы күштерінің бөлімдері Басаркечар аймағының Юхары Шорджа және Зеркенд ауылдарында орналасқан позициялардан Әзірбайжан армиясы орналасқан аймаққа оқ жаудырды, деп хабарлайды Turanews, Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Әзірбайжан қорғаныс министрлігінің хабарламасында Армения армиясының кешкі уақытта шекараның Дашкесен, Келбажар және Лачын бағыттарында ауқымды арандатушылық жасағаны айтылған.

Хабарламаға сәйкес, қарсылас тарап та оқпен жауап берген.

Министрліктің хабарлауынша, Әзірбайжан армиясының жеке құрамы арасында шығын жоқ.

 

TuraNews

Back to top button