ӘлемБастыСаясат

Армения Палестинаның тәуелсіздігін ресми түрде мойындады

Арменияның сыртқы істер министрлігі Палестинаның тәуелсіздігін мойындайтынын мәлімдеді

Елдің сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Ереван халықаралық құқық пен халықтардың теңдігі, егемендігі және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарын ұстанатынын растайтыны айтылған.

«Армения Республикасы Таяу Шығыста бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуға, еврей және палестиналық халықтар арасында тұрақты келісім орнатуға шын ниетпен мүдделі. Біз әртүрлі халықаралық платформаларда Палестина мәселесін бейбіт және жан-жақты реттеуді, Израиль-Палестина қақтығыстарын шешудегі екі мемлекеттің принципін қолдаймыз», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Армения басшылығы бұл қадам палестиналықтар мен израильдіктердің заңды тілектерін жүзеге асыруын қамтамасыз етудің жалғыз жолы екеніне сенімді екені айтылған.

 

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button