Әлем

АҚШ-та торнадодан 18 адам қаза тапты

АҚШ-та оңтүстік пен орталық батысына келген торнадодан 18 адам қаза тапты, үйлер мен сауда орталықтары зақымдалды, деп Америка Дауысы басылымына сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

Шұғыл әрекет ету қызметінің қызметкерлері қаза тапқандарды есептеп, торнадоның зақымын қарады. Алабама, Иллинойс, Индиана және Арканзаста адамдар қаза тапты. Көптеген аудандарда жарық жоқ, жолдарды үйінділер басып қалған.

Иллинойс штаты Белвидерде торнадо кезінде рок-концерт өтуі тиіс «Аполлон» театрының шатырын ұшырып әкетті. Бір адам қаза тауып, 28-і жарақат алды, оның бесеуі — ауыр халде жатыр.

TuraNews

Back to top button