Денсаулық

АҚШ-та ішек таяқшасы індеті анықталғандар көп

Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметінше, АҚШ-тың бірқатар штаттарында ішек таяқшасы індеті таралған, Казинформ хабар агенттігі білдіреді NBC News сілтеме жасап.

Аурудың көбеюі Индиана, Мичиган, Огайо және Пенсильвания штаттарында тіркелді. Жұма күні тізімге Нью-Йорк пен Кентукки қосылды.

Биліктің мәліметінше, алты штатта тіркелген науқастардың саны 97 адамды құрады. 43 адам ауруханаға жатқызылды, оның 10-ының жағдайы ауыр. Құрбандардың ең көп саны Мичиган штатында – 58 науқас. Алайда, жұқтырғандар саны одан да көп болуы мүмкін.

Індеттің көзі анықталмағанымен, Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары науқастанған 10 адамның 8-ге жуығы апта ішінде Wendy’s дүкенінен тамақтанғанын хабарлады. Тапсырыстарын еске түсіргендердің басым көпшілігі ромен қырыққабаты қосылған бутерброд пен гамбургер жегендерін айтты.

Пішініне байланысты ішек таяқшасы диарея, зәр шығару жолдарының инфекциясы, тыныс алу проблемалары, пневмония және басқа да асқынуларды тудыруы мүмкін.

Билік індет ошағын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады. Қайтыс болғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Фото: nbcnews.com

TuraNews

Back to top button