АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу 6-11 қарашада Түркіменстанға, Өзбекстанға және Қазақстанға барады, деп АҚШ Мемлекеттік департаментінің веб-сайтына сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.
Сайттың хабарлауынша, сапар 6-11 қараша аралығында болады. Сапардың мақсаты – «Америка Құрама Штаттарының әрбір елдің тәуелсіздігіне, егемендігіне және аумақтық тұтастығына және гүлденген, қауіпсіз және демократиялық Орталық Азияға деген ортақ мақсатына адалдығын нығайту.»
Сайтта, «АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу, Түркіменстанда алмасу бағдарламасының түлектерімен және жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, бірқатар екіжақты және аймақтық мәселелер бойынша әріптестікті талқылайды. Кейін делегация Өзбекстанға барып, әйелдер мен қыздардың құқықтарын кеңейту, дін немесе сенім бостандығын қолдауды одан әрі күшейту үшін мемлекеттік қайраткерлермен, азаматтық қоғам және мәдени топтармен кездеседі. Хатшы көмекшісі Лу, Қазақстанда Орталық Азиядағы экономикалық тұрақтылық пен аймақтық байланыс мәселелерін талқылау үшін экономика және бизнес жетекшілерімен, сондай-ақ Қазақстанның болашағын қалыптастырудағы маңызды рөлін қолдау үшін азаматтық қоғам жетекшілерімен кездеседі.» деп жазылған.
Сапар аясында Лу, Орталық Азиядағы экономикалық тұрақтылық бастамасын іске қосуды талқылайды. Осы бастаманың бір бөлігі ретінде АҚШ аймақтық сауда жолдары мен әлеуетін нығайтуға, білікті жұмыс күшін оқытуға және Орталық Азияға халықаралық инвестиция тартуға 25 миллион доллар бөледі, делінген хабарламада.