Бүгін, 27 ақпан 2026 жылы, Ақордада Сербия Президенті Александр Вучичті қарсы алу салтанатты рәсімі өткізілді, деп хабарлайды TuraNews.kz, ҚР Президенті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сербия президентін резиденцияда Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.
Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды.
Содан кейін Қазақстан мен Сербия президенттері келіссөз залына барды.
Сербия Президенті Александр Вучич 2026 жылғы 26 ақпанда Астанаға ресми сапармен келді. Жоғары қонақты әуежайда Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.



