БастыҚоғамМәдениетСаясатЭкономика
Trending

Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алу рәсімі өтіп жатыр

Ақордада Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті ресми қарсы алу рәсімі басталды. 

Түрікменстан Президентінің Астанаға мемлекеттік сапары 24-25 қараша күндеріне жоспарланған.

Сапар аясында тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.

Соңғы отыз жылдан аса уақыт ішінде Астана мен Ашхабад саяси, экономикалық және көлік-логистикалық салаларды қамтитын өзара ынтымақтастықты тұрақты дамытты. Серіктестіктің негізгі бағыттарын Kazinform тілшісі сарапшылармен бірге талдап шыққан еді.

Сердар Бердімұхамедовтің ұшағы Астанаға кеше түс ауа қонды, мәртебелі мейманды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алып, Құрмет қарауылы сап түзеді.

Түрікменстан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар салаларға қатысты келіссөздер жүргізіледі.

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button