Спорт
Анна Данилина финалда женіске жете алмады
Анна Данилина АҚШ-тағы жарыстың финалында ұтылып қалды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Анна Данилина Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің финалына дейін жетті
А.Данилина мен сербиялық Александра Крунич аталмыш жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген еді.
Қазақстандық-сербиялық жұп соңғы бәсекеде доданың екінші ракеткалары, америкалық Николь Меличар-Мартинес — аустралиялық Эллен Переспен шеберлік байқасты.
Америкалық-аустралиялық дуэт 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атаққа ие болды.
Бір сағат 15 минутқа созылған кездесуде А.Данилина мен А.Крунич 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қарсыластары 4 эйс, 5 брейкпен көзге түсті.