Басты
Анкарада жарылыс болды

Түркия астанасы Анкарада лаңкестік әрекет ұйымдастырылды, деп жазады TuraNews.kz.
Түркия Ішкі істер министрі Али Йерликая Қауіпсіздік Бас Басқармасының қақпасының алдына жеңіл көлікпен келген 2 террористтің бомбалы шабуыл жасағанын хабарлады.
Министр Йерликая оқиғада 2 полиция қызметкерінің жеңіл жарақат алғанын атап өтті.
«Лаңкестердің бірі өзін жарып жіберсе, екіншісі залалсыздандырылды», — деді министр.
Анкара Бас прокуратурасы оқиғаға байланысты тергеу бастады.