Туризм
«Алтын күздегі қызыл қоқиқаз»
Желі пайдаланушылары Алматы хайуанаттар бағының видеосын бағалады

Алматы хайуанаттар бағы Instagram желісінде қоқиқаздың видеосын жариялады, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz
«Қазір алтын күздің мезгілі. Бұл кезде зообақта да ерекше жағдай орын алады. Ауа райы ыстық емес, шулы тіршілік саябырсып, айналада тыныштық орнаған. Жануарларды емін-еркін тамашалауға мүмкіндік көп. Күзгі бояулардың арасында біздің қызыл қоқиқаздар да ерекше көрінеді. Сіздерді алтын күздің көркін тамашалап, зообағымызды аралауға шақырамыз», — делінген хабарламада.
Bu gönderiyi Instagram’da gör