Мәдениет
Trending

«Алтай – түркі әлемі» халықаралық фестиваліне 50 мыңнан астам қонақ қатысты

Катонқарағайда өткен «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өз мәресіне жетіп, түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениетін ұлықтаған ірі халықаралық алаңға айналды.

Фестиваль аясында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген бастаған Қазақстан және Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан, Моңғолия, Башқұртстан, Тыва, Қарақалпақстаннан келген өнерпаздар сахна төрінде өнер көрсетті. Гала-концертке 50 мыңға жуық көрермен жиналып, фестивальдің шоқтығын биіктете түсті.

Бағдарлама ұлттық спорт жарыстарымен, театрландырылған қойылымдармен және ұлттық құндылықтарды дәріптеген мәдени шаралармен толықты. Бұл күндері Алтай тек мәдениет пен өнердің ғана емес, түркі дүниесінің рухани байланысын нығайтқан маңызды орталыққа айналды.

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі өңірдің халықаралық беделін арттырып қана қоймай, Шығыс Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін кеңінен танытуға мүмкіндік берді.

TuraNews

Back to top button