Мәдениет

Алматыда «Манас – қазақ, қырғыз жыршылық өнерінің алтын арқауы» атты шығармашылық кеші өтті

Кеше Алматы қаласы республикалық Достық үйінде «Манас – қазақ, қырғыз жыршылық өнерінің алтын арқауы» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Turanews.kz.

Кештің мақсаты – өскелең ұрпаққа асыл жырлар мен термелерді насихаттау, бауырлас екі мемлекет арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.

Іс-шараға қазақ және қырғыз зиялы қауым өкілдері мен қабырғалы қаламгерлері, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының дәстүрлі әншілері, белгілі манасшылар, этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен жастар қатысуымен өтті.

Кешті ұйымдастырушылар: Алматы қаласы республикалық Достық үйі, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы және «Мурас» қырғыз этномәдени орталығы және Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі.

TuraNews

Back to top button