Қоғам

Алматы облысындағы референдум қалай өтуде

Бүгін Қазақстанда АЭС құрылысына қатысты референдум өтіп жатыр. Таңертеңнен бастап сайлаушылар Алматы облысындағы сайлау учаскелеріне келе бастады.

Бүгінгі референдумда Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылының тұрғындары белсенділік танытты. Өйткені дәл осы жерде елдегі ең алғашқы және жалғыз атом электр станциясы жақын арада пайда болуы мүмкін. Көпшілік сайлау учаскелеріне ашылмай тұрып-ақ келе бастады. Көптеген адамдар бүгін дауыс беруге және өз үлестерін қосуға тырысты.

Сонымен қатар, басқа сайлау учаскелерінде де дауыс беру белсенді өтті. Өңір тұрғындары референдумға ерекшеленіп, ұлттық киіммен келіп жатты. Ал Еңбекшіқазақ аудандық Мәдениет үйіндегі сайлау учаскесінде «Алтын адам» киімін киген тұрғын дауыс берді. Бұл киім үлгісі өңірдің бай мәдени мұрасының бейнесіне айналған Қазақстандағы ең маңызды археологиялық олжалардың бірін бейнелейді. Атап айтқанда бұл таң қалдыратын мәдени қимыл ғана емес, сонымен бірге қоғамның назарын тарихи рәміздерді сақтау мен насихаттаудың маңыздылығына аударады.

Алматы облысының орталығында нағыз көлік шоуы ұйымдастырылып, Қонаев көшелерімен ретро көліктер шеруі жүріп өтті. Осылайша, қала тұрғындары елімізде атом электр стансаларын салу мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдум өткізуді қолдайтындықтарын білдірді. Автошеруді белгілі кәсіпкер Мұрат Сіргебаев ұйымдастырды. Аталған шеруге қатысқан көліктердің әрқайсысы тарих пен мәдени мұраның бір бөлігі болып саналады. Көліктер шеруі облыс орталығының орталық көшелерінен өтіп, мерекелік көңіл-күй тудырып, халыққа іс-шараның маңыздылығын жеткізді.

Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылындағы No573 сайлау учаскесіне бір әулеттің бес ұрпағы келді. 103 жастағы Шортанова Күлпара, оның 85 жастағы ұлы Марат, 50 жастағы немересі Олжас, 25 жастағы шөбересі Бейбіт және 18 жастағы шөбересі Марал елдің болашағы үшін дауыс берді..

Бұл сәт бүкіл отбасы үшін өте маңызды әрі ұрпақтар сабақтастығы мен мемлекеттің жарқын келешегі үшін әрбір адамның үлес қосуына деген, ұмтылысын көрсетті. Күлпара памыздың Шөбересі бүгін ең алғашқы дауысын берді. Сондай-ақ Шортановтар отбасы ауылдың дамуына қосқан үлесімен өте танымал.

Қарт анамыздың балалары мен немерелері түрлі салада – ұстаздықтан бастап, мемлекеттік қызметке дейін еңбек етуде. Ұлы Марат ауылдық округ әкімі, немересі Олжас та жергілікті мемлекеттік органдарда қызмет атқарса, шөбересі Бейбіт алғашқы әскери дайындықтан сабақ береді.

Ұйғыр ауданының жастары да кем түспеді. Олар дауыс беруге ерекше және шығармашылық жолмен келуге шешім қабылдапты. Шонжы ауылындағы алаңға бес ұлбаламен мен бес қызбала ұлттық жарқын киіммен келіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Олардың киім таңдауы кездейсоқ емес: жастар Қазақстан халқының бірлігі мен алуан түрлілігін, сонымен қатар әрбір азаматтың мемлекет дамуына қатысуының маңыздылығын атап өткісі келді. Олардың айтуынша, ұлттық киімдер бай тарих пен мәдениетті бейнелейді. Ал олардың әсем безендірілген костюмдердегі келбеті нағыз мерекелік атмосфераны қалыптастырды. Дауыс беруге келгендер қуаныштарын жасырмай, оларды құшақ жая қарсы алды.

Сондай-ақ бүгін өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев те референдумға келді. Ол Қонаевтағы сайлау учаскелерінің бірінде өз дауысын берді. Алматы облысының әкімі республикалық референдумға қатысу арқылы өзінің азаматтық борышын өтеді.
«Референдумдағы әрбір дауыс еліміздің болашағы үшін маңызды», — деді әкім. «Азаматтардың осы маңызды күндегі белсенділігі олардың туған елінің тағдыры үшін жауапкершілігін көрсетеді. Өйткені, біз кейінгі ұрпақтың болашағын жасап жатырмыз. Алматы облысында 643 сайлау учаскесі мен комиссия мүшелері дауыс берушілер үшін дайын. Уақытша болу орындарында 28 учаске ашылды».

Марат Сұлтанғазиев облыс тұрғындарына белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғыс айтып, жан-жақты диалогқа шақырды.

Дауыс беру жалғасып жатқанын айта кеткен жөн. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, референдумға сайлаушылардың қатысуы қазірдің өзінде 50 пайыздан асты. Атом электр станциясына қатысты референдум, өтті деп танылды. Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Қазақстандағы атом электр стансасын салу жөніндегі референдумға азаматтардың қатысуы 51,77 пайызды құрады.

Бүгін Талғар ауданының тұрғыны Атомбек Баетов та өз дауысын берді. Оның есімі символдық түрде – атом электр станциясының құрылысына қатысты мәселе бойынша дауыс берумен үндеседі. Сайлаушының өзі айтқандай, бұл күн ол үшін дауыс беру күні ғана емес, өз жауапкершілігінің көрінісі ретінде де маңызды болды.

Атомбек үшін бұл күн дауыс беру актісі ғана емес, жеке жауапкершіліктің көрінісі ретінде де маңызды болды. Оның үстіне, мұндай атаумен ол жай ғана сайлау процесін елеусіз қалдыра алмады.

Дауыс беруге келетін болсақ, Астана уақыты бойынша сағат 14:00-ге қарай ол 51,77 пайызды құрап, 6 339 425 азамат бюллетень алды деген сөз.

«Қазақстандықтардың сайлауға қатысуы 50 пайыздан асқандықтан, референдум ресми түрде өтті деп танылды», — деп атап өтті Ұл Орталық референдум комиссиясының өкілі Сәбила Мұстафина.

TuraNews

Back to top button