Қоғам
Алматы облысында 2 баллдық жер сілкінісі болды
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі таңғы 09:12 кезінде жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 194 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 11.2.
- MPV Магнитудасы — 5.7.
- Жер сілкінісінің координаттары — 42,73° с. б. 79,21° ш. б.
- Тереңдігі — 10 шақырым.
Қазақстан аумағында нақты Алматы облысының Кеген ауданында Кеген ауылында 2 балл көлемінде сезілген.