Спорт

Әлем чемпионаты: Абиба мен Ғалия үшінші айналымға өтті

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қос қазақ қызы үшінші айналымға өтті, деп хабарлайды BasSport.kz порталы.

Ғалия Тыныбаева мен Абиба Әбужақынова 48 келіге дейін салмақтың үшінші айналымында. Ғалия алдымен әзербайжандық Конуль Әлиеваны, одан кейін Оңтүстік Корея өкілін мерзімінен бұрын жеңді. Енді Франциядан келген Бландин Понмен жолығады.

Абиба болса, израильдік Малька Тамардан басым түсті.

TuraNews

Back to top button