ӘлемМәдениет

Айна Қалмағанбетова «Мейкин Азия» III Халықаралық фестивалінде жеңімпаз атанды

Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өткен «Маking Asia» танымал музыка орындаушылардың ІІІ Халықаралық Ыстықкөл фестиваліне К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Айна Қалмағанбетова қатысты, деп жазады Turanews.kz.

Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің ақпаратынша Қалмағанбетова Айна Серікқызы бұған дейін де өнер жобалары мен халықаралық конкурстардың лауреаты атанған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет» мемлекеттік наградасымен марапатталған.

Мәдениет және спорт министрлігінің ықпалымен, Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен еліміздің атынан қатысқан Айна Серікқызы аталған фестиваль барысында Төлеген Мұхамеджановтың «Құс жолы» әнін, екінші күні Эрик Карменнің «All By myself» әлемдік хит әнін жоғары деңгейде орындап, зор қошеметке бөленді.

Үш күнге созылған музыкалық дарындылар байқауына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Венгрия, Түркия, Солтүстік Кипр тағы басқа елдерден 18 бен 35 жас аралығындағы 17 жас орындаушы бақ сынады.

Айта кетейік, 2013 жылы өткен «Makin Asia» бірінші музыкалық фестивалінде еліміздің намысын қорғаған Димаш Құдайберген бас жүлдені жеңіп алған еді.

TuraNews

Back to top button