Айбек Смадияров Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды, деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Айта кетейік, өткен аптада Айбек Смадияров Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі – баспасөз қызметшісі лауазымынан кететінін мәлім еткен болатын.



