Спорт

ӘЧ-2026 іріктеу: Өзбекстан құрамасы Қырғызстанды сырт алаңда жеңіп, топта көш бастады

Өзбекстан ұлттық құрамасы 6 ұпаймен «А» тобында көш бастар тұр.

2026 жылғы әлем чемпионатының үшінші іріктеу кезеңі аясында Өзбекстан ұлттық құрамасы Бішкекте Қырғызстанға қарсы ойнады.

Ойынның 15-минутында «Динамо» шабуылшысы Жоэл Кожо есеп ашып, Қырғызстан құрамасын алға шығарды, бірақ көп ұзамай-ақ Элдор Шомуродов есепті теңестірді – 1:1.

35-минутта Одилжон Абдурахмонов алаң иелерін тағы да алға шығарды – 2:1.

Бірінші таймның соңына қарай Хусниддин Алиқулов баспен гол соғып, есепті тағы да теңестірді – 2:2.

Екінші таймда Сречко Катанец шәкірттері басымдықты көрсетіп 72-минутта Остон Урунов әдемі әрекетпен қырғыз қақпасына гол соқты. Матч 2:3 есебімен аяқталды.

Осылайша, Өзбекстан ұлттық құрамасы алғашқы екі турды жеңіспен аяқтап, 6 ұпаймен «А» тобында көш бастады.

 

Source
Uza.uz

TuraNews

Back to top button