Әлем
800 мыңнан астам Қырғызстан азаматы шетелде жұмыс істейді
Қырғызстан Еңбек министрлігі жасаған мәлімдемеде 800 мыңнан астам қырғыз азаматының шетелде жұмыс істейтіні айтылды.

Қырғызстанның 800 мыңнан астам азаматы шетелде, кем дегенде 11 елде жұмыс істейді, деп Кырғызстан Еңбек, Әлеуметтік Қамсыздандыру және Көші-қон Министрі Құдайберген Базарбаев баспасөз мәслихатында хабарлады.
- Ресейде шамамен 680.500 кісі жұмыс істейді.
- Түркияда 35 мың,
- Қазақстанда 35 мың,
- Канада мен Америка Құрама Штаттарында 26 000,
- Германия мен Польшада 11200,
- Оңтүстік Кореяда 6400,
- Өзбекстанда 5 мың,
- БАӘ-де 5000,
- Ұлыбританияда 3000.