Басты

8 қараша — Әзірбайжан Жеңіс күнін тойлайды

Әзірбайжан 2020 жылдың 8 қарашасында, екінші Қарабақ соғысында қайтарып алған Шуша қаласыны азат ету күніні және Жеңіс күніні тойлады. Әзірбайжанның 44 күндік екінші Қарабақ соғысында Арменияны жеңгеніне, екі жыл толды. Осыған орай, мерекелік шаралар аясында ел астанасы Бакуде 3 нүктеде Әзірбайжан әскери оркестрінің сүйемелдеуімен парад өтті.

Гейдар Әлиев сарайы, Шейіттер жолы және Хусейн Джавид саябағы төңірегінде басталған шерулерге, әскери оркестрлердің сүйемелдеуімен Гейдар Әлиев атындағы Әзірбайжан жоғары әскери мектебінің студенттері маршрут бойымен жүріп өтіп, ұрандар айтты.

8 караша Жеңіс күні

Бұрын 10 қараша деп белгіленген «Жеңіс күні», Түркия Республикасының негізін қалаушы тұңғыш Президент Мұстафа Кемал Ататүріктің қайтыс болған күнімен тұспа-тұс келгендіктен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Шушаны басқыншылардан азат еткен күн — 8 қарашаға ауыстырды.

 

 

 

TuraNews

Back to top button