Ыстанбұл қаласының тұрғыны Кадрие Ышыклы қазақ тілін үйреніп, мәдениетімен танысу үшін Түркістанға оқуға келген. Қазір университеттің дайындық орталығында білім алып жүр. Оны түркі елдерінің тілі мен мәдениеті қызықтырады.
Кадрие ханым Қазақстанға келген 1,5 айда қазақ тілін түсіне бастаған. Ол оқып жатқан дайындық орталығында университеттің ішкі грантына ие болған 200-ден астам шетелдік студент білім алады. Үш баланың анасы бұған дейін Түркияда «Туризм» мамандығы бойынша оқып, әлемнің 20-ға жуық еліне саяхаттапты. Ендігі мақсаты – Орталық Азия елдерімен танысу.
«Алдымен қазақ тілін үйреніп, мәдениетімен жақсы танысқым келеді. Одан кейін өзге де бауырлас елдердің тілін меңгеріп, сол елдерге де саяхаттап барғым келеді. Мені Қазақстанға сол арман жетелеп келді», – дейді ол.
Бұған дейін Кадрие Ишыклы Түркияда «туризм» мамандығы бойынша жоғары білім алған және әлемнің 20-ға жуық елін аралаған. Ендігі мақсаты – Орталық Азияны зерттеу. Осыған орай, Ахмет Ясауи университетінде «туризм» мамандығы бойынша оқуын жалғастыруды жоспарлап отыр.