Қоғам
6 тәжікстандық жалған құжатпен ұсталды

Жалған құжатпен Қазақстан шекарасын басып өтпек болған Тәжікстанның 6 азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз қызметі.
«22 ақпанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында және Павлодар облысы «Шарбақты» өткізу пунктінде Тәжікстан Республикасының 6 азаматы ұсталды. Олардан ҚР аумағында уақытша болуға рұқсат беру туралы жалған анықтамалар және Шекара қызметінің шекарадан өтті деген жалған мөртабан басылған төлқұжаттар алынды», — делінген хабарламада.
Аталған азаматтарға қатысты тексеру шаралары жүргізілуде.