Технология

2GIS қызметі AppStore дүкенінен жойылды

Ресейлік карта қызметі 2GIS, App Store дүкенінен жоғалып кетті.

Қызметтің негізгі иесі 2020 жылы компанияның 72% сатып алған Сбербанк болып табылады. Банктің өзі «Сбербанк Онлайн» қосымшасы не App Store дүкенінде де, Google Play дүкенінде де жоқ. Вашингтон осы жылдың сәуір айында Сбербанкке қарсы санкциялар енгізгеннен кейін жойылды. Сарапшылар бұл, американдық бизнеске ресейлік компаниямен ынтымақтасуға тыйым салынғаның білдіреді деп айтады. Сбербанктің активтері бұғатталып қалып, кейін ол халықаралық банкаралық ақпарат және SWIFT төлемдерін жүзеге асыру жүйесінен ажыратылған болған.

Apple құрылғыларына жүктелген қолданбалар жұмыс істейді және де Google Play-де әлі де қолжетімді.

«iPhone иелеріне арналған негізгі кеңес — бұрыннан орнатылған 2GIS қосымшасын жоймау. Телефоныңызды ауыстырған болсаңыз, онда 2gis.ru сайтын пайдаланыңыз, жұмыс үстеліңізде белгішені орнатыңыз», — деді компанияның баспасөз қызметі.

Компания мәселені шешудің жолын табуға уәде берді және пайдаланушылардан 2GIS жүйесіне кез келген жолмен кіруді сұрады.

TuraNews

Back to top button