АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін https://turanews.kz  интернет-алаңын ұсынудың жалпы шарттары, тәртібі және ақы мөлшері туралы

«Bas Media Group» ЖШС тиесілі  https://turanews.kz интернет-басылымы (бұдан әрі – Сайт) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңын ұсынудың шарттары, тәртібі және ақы мөлшері туралы хабарлайды.

Сайлауалды үгіт жұмыстары 2026 жылғы 23 шілде күні сағат 18:00-де басталып, 2026 жылғы 22 тамыз күні сағат 00:00-де аяқталады. Осыған байланысты сайлауалды үгіт материалдары Сайтта Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген мерзімдерде ғана орналастырылады.

Интернет-алаңы саяси партияның жазбаша өтініші және Сайт иесі мен саяси партияның уәкілетті өкілі арасында жасалған шарт негізінде ұсынылады. Үгіт материалдарының көлемі, орналастыру мерзімі, саны және өзге де талаптар саяси партияның жазбаша өтінішінде көрсетіліп, шартта бекітіледі.

Келіп түскен жазбаша өтініштер олардың түсу кезектілігі бойынша тіркеледі. Әрбір өтінішке тіркелген күні мен уақыты көрсетілген тіркеу нөмірі беріледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса ұсынылады:

  1. Саяси партияның тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. Саяси партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжат;
  3. Өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. Шарт жасасуға қажетті өзге де құжаттар.

Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретіне қарай айқындалады. Бір мезгілде бірнеше өтініш келіп түскен жағдайда кезектілік жеребе арқылы анықталады. Жеребе өткізу тәртібін Сайт иесі белгілейді.

Ұсынылатын үгіт материалдары Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген міндетті мәліметтерді, оның ішінде қаржыландыру көзі және материалды ұсынған тұлға туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

Саяси партиялар ұсынылған материалдардың мазмұнына және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнаманың талаптарына сәйкестігіне дербес жауапты болады.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары, осы ақпараттық хабарлама шарттары немесе жасалған шарт талаптары бұзылған жағдайда, Сайт үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға немесе анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін олардың жариялануын тоқтата тұруға құқылы.

Егер материалдарда төмендегілер қамтылса, Сайт оларды орналастырудан бас тартуға құқылы:

  • Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге шақырулар;
  • мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған әрекеттер;
  • ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін ақпарат;
  • әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни, таптық немесе өзге де алауыздықты қоздыру;
  • соғысты, зорлық-зомбылықты немесе қатыгездікті насихаттау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған мәліметтер;
  • азаматтардың, заңды тұлғалардың немесе саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат.

Интернет-алаңын ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілген жағдайда немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың талабы бойынша өзгертілуі мүмкін.

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру құны

Сайтта орналастыру:

Орналастыру орны: басты бет, жаңалықтар таспасы.

Көлемі: 5 000 таңбаға дейін (5 фотосуреттен жəне 1 бейнематериалдан

артық емес).

Құны – 300 000 теңге.

Əлеуметтік желілерде орналастыру:

Дайын материалды жариялау – 50 000 теңге;

Ұзақтығы 90 секундқа дейінгі бейнероликті түсіру жəне оны

сайтта əрі əлеуметтік желілерде жариялау – 200 000 теңге;

Подкаст түсіру (монтаждау жəне өңдеуді қоса алғанда) – 250 000

теңге;

Арнайы репортаж – критерийлеріне қарай 50 000 теңгеден

бастап.

Байланыс телефоны: +7 707 532 1380

 

turanews ақпараттық хабарлама

Back to top button